30/11/2020  Дүйсенбі

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

D-О-1 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
      3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
      4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында екі жылдан кем емес;
      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-1

477 277

622 533

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 262-16-09, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. (10мб. аспайтын), Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы, D-О-1 санаты, (1 бірлік).
            Функционалдық міндеттері: Басқарманың жұмысына басшылық жасау және ұйымдастыру, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болу  және өз функцияларын жүзеге асыру. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму саласындағы саясатты жүзеге асыру; халықты сенімді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету; авариялық инженерлік желілерді анықтау бойынша шараларды жүзеге асыру, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін талдау; құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау, инженерлік инфрақұрылым объектілерін кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстар енгізу; жылу, энергия, газ, сумен жабдықтау және су бұру бойынша инженерлік инфрақұрылымды дамыту сызбаларын әзірлеу және бекітуге енгізу; қаланы тұрақты дамыту үшін қажетті жылу, энергия, газ, сумен жабдықтау бойынша қуаттар резервтерін талдау және болжау; инженерлік инфрақұрылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде энергия үнемдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану бойынша жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру; диммирлеу жүйесі бар энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябақ және көше жарықтарын жаңғыртуды қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру және ұсыныстарды енгізу; тұтынылатын энергия көздері үшін есептеулердің негіздемесін қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың автоматтандырылған жүйелер мен цифрлық технологияларды қолдануы бойынша ұсыныстар енгізу; жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау; жылу желілеріндегі технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізу; барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру; Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысу. Бюджетті жоспарлау, атқару, нақтылау және түзетуді жүзеге асыру, мемлекеттік органға әкімшілік-қаржылық қызмет көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.        
            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе көлік құрылысы); құқық; әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе инновациялық менеджмент және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару); өнер (сәулет).
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшілері немесе кеңесшілері, баспасөз хатшылары конкурс өткізілместен мемлекеттік лауазымға орналасқаннан кейін тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өткен жағдайда бір жыл өткен соң ішкі конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.
Бұл ретте, ішкі конкурсқа қызметшілері осы мемлекеттік органның ішкі конкурсына қатысуға құқылы мемлекеттік органдардан қызметтен шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
            Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының іс-әрекеті мен шешiмiне шағымдана алады.
Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін
ЖАДЫНАМА

Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:
- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға.
- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.
- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.
- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.
- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.
- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.
- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.
- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

 

 

«Б»  корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

Нысан
            __________________________
  (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға жәнеорналасуға келісім беремін __________________.
(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________________

Байланыс телефоны: ____________________________________________________

e-maіl: ________________________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________________

_________                                             ______________________________________
(қолы)                                                     (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.