30/11/2020  Дүйсенбі

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

D-О-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
      жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-4

           195 895

                      255 514

  «Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., (10мб. аспайтын),  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының Жол қауіпсіздігі бөлімі (КСОДД, VISION ZERO, ITS)  бөлімінің  бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).
            Функционалдық міндеттері: Жол жүрісін реттеудің техникалық құралдары мен жабдықтарын жобалауы, құрылысы, реконструкциясы, жаңғыртуы, орта және ағымдық жөнделуі, күтіп-ұстауы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жол жүрісін басқаруының автоматтандырылған жүйесі нысандарын дамыту, қамтамасыз ету, құрылысын жүргізу, реконструкциялау бойынша шараларды үйлестіру, оның ішінде төтенше жағдайлар туындаған кезде, пайдалануға қабылданған нысандарды коммуналдық меншікке тапсырылуын қамтамасыз ету. Мердігерлік мекемелермен орындалған жұмыстар сапасының техникалық қадағалауын ұйымдастыру, орындалған жұмыстар бойынша есептілікті жүзеге асыру, есептік-ақпараттық мәліметтер дайындау; іс жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қарастыру,  орындалу мерзімін қатаң қадағалау. Құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалып жатқан операциялардың заңдылығын жүзеге асырады. Белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бекітілген бюджет бойынша смета шығындарын мақсатты тағайындауы жөніндегі ашық лимиттерге сәйкес бюджеттік қаражаттың дұрыс және тиімді жұмсалуын жүзеге асырады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе көлік құрылысы); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе экономика)  саласында.       
2. Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының Қоғамдық көлік бөлімінің  бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).
            Функционалдық міндеттері: Алматы қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен, Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясымен, басқа да заңды және жеке тұлғалармен өзара әрекеттеседі. Жолаушылар көлігін дамытудың кешенді кестесін әзірлеу. Жолаушылар және багаж тасымалын жүзеге асыруды ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысы бойынша статистикалық мағлұматтар бойынша талдау жүргізеді; қалалық жолаушылар көлігі кәсіпорындары мен ұйымдары жұмысын жақсартуға бағытталған және оларға қарастыру енгізу бағдарлама жобаларын әзірлейді;  жоспар-тапсырма және тапсырыс бойынша қалалада болатын шараларды көлікпен қамтамасыз етеді. «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау» бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырады. Метромен жолаушыларды тасымалдаудың шығындарын субсидиялауды іске асырады.  Келіп түскен хат-хабарламаларды қарау, орындау мерзімі үшін жауапты.          
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе көлік құрылысы); қызметтер (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру); заң (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) саласындағы.                          
3. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының Энергия-жылумен жабдықтау бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты,    (1 бірлік).
            Функционалдық міндеттері: Орындаушылық (зерделейді, жүйелейді, талдайды, анықтайды) функцияларды орындайды. Жылу кешені объектілерін басқару саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, жылу кешені объектілерінің жай-күйіне талдау жүргізеді. Халықты сенімді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етеді, оның ішінде: коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің қызметін үйлестіру; авариялық инженерлік желілерді анықтау бойынша шараларды жүзеге асыру, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін талдау; қаланы тұрақты дамыту үшін қажетті жылу, энергия, газбен жабдықтау бойынша қуаттар резервтерін талдау және болжамдауды жүзеге асыру; халықты және басқа да мүдделі тараптарды инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды жүргізуді бастау және аяқтау мерзімдері туралы алдын ала (кемінде 3 күн бұрын) хабардар етуді қамтамасыз етеді; ҚР заңнамасына сәйкес, қауіпсіздік, жеке меншікке қол сұғылмаушылық, мүдделері қозғалған барлық тараптардың ыңғайсыздығын азайту және мүдделерін құрметтеу қағидаттарын сақтай отырып, инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді.; халыққа, бизнес кәсіпорындарымен, басқа да мүдделі тұлғалармен ағымдағы мәртебенің, сондай-ақ ұялы телефондар мен мессенджерлерді қоса алғанда, барлық қол жетімді байланыс құралдары арқылы инженерлік инфрақұрылыммен жұмысты ұйымдастыру және жүргізу сапасының мониторингі бойынша жедел кері байланысты қамтамасыз ету; тәжірибе алмасу, қаланың инженерлік желілерін дамыту және жаңғырту бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін құрылыс ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға қатысу.; желілердегі ықтимал ақаулар тұрғысынан инженерлік инфрақұрылымның қашықтықтан мониторинг жүйесін қамтитын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бойынша ұсыныстар енгізу; қызметтің тиімділігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын, ашықтығын, жеделдігін және қолжетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыруға қатысу; оларды алушылардың қанағаттануын арттыру үшін ашықтық және есептілік қағидаттарында Мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; ведомствоға қарасты ұйымдардың сапасыз көрсеткен қызметтеріне тұрғындардың шағымдарын қарау жөнінде комиссия құру туралы бұйрықтың жобасын әзірлеу және енгізу және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу; ресурстарға ұқыпты қарау жөнінде коммуналдық қызметтерді тұтынушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету; ресурстарды ұтымды пайдаланатын тұтынушыларды материалдық көтермелеу шаралары жөнінде ұсыныстар енгізу; Алматы қаласында жылыту маусымына дайындық және өткізу ережелерін әзірлеу және бекітуге енгізу; коммуналдық қызметтерді ұсыну ережелерін, Алматы қаласында инженерлік коммуникацияларды ұстау ережелерін әзірлеуге және бекітуге енгізуге; есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлеуге және бекітуге енгізуге; Мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттерін әзірлеуге және бекітуге енгізуге; жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының дайындығы мен жүзеге асырылуын және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды қамтамасыз етуге; коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлеуге және бекітуге; жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізуге қатысу; жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келісуді қамтамасыз ету; барлық қуаттардағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беруді қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету: 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру; белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен,; басқарманың қысқа, орта және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын әзірлеу бойынша жұмысқа қатысу; Бөлім басшысының, басқарма басшылығының қарауына бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу; бөлімде атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау; "Алматы жылу желілері" ЖШС, "АТКЭ" ЖШС қызметіне жетекшілік ету; жылумен жабдықтау мәселелері бойынша комиссияларға және сот процестеріне қатысу; бөлімнің жоспарлы және есептік құжаттарын құру; жылу энергиясы нарығының қызметін бақылау және талдауды жүзеге асыру;; Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға жылумен жабдықтау мәселелері бойынша есептер дайындау; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік және өзге де көмек көрсету; мемлекеттік бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігімен берілетін сыртқы қарыздар және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға және салуға конкурстар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.; инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысу; заңнамаға және мемлекеттік нормативтерге сәйкес орындалған жұмыстар актілерін (2-нысан) және басқармамен жасалған шарттарға сәйкес жұмыстарды орындайтын заңды және жеке тұлғалардан КС-3 нысанды (орындалған жұмыстар мен шығындар құны туралы) анықтамаларды қабылдау, қол қою және бұрыштама қою; мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына заңнамаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны, тоқтатылғаны, қайта басталғандығы туралы хабарлауға; құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беруге; объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуге; техникалық және авторлық қадағалаумен бірге объектінің құрылысын қамтамасыз етуге; құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғандығы, тоқтатылғаны, қайта басталғандығы туралы; техникалық және авторлық қадағалау нұсқауларын орындамағаны не уақтылы және сапасыз орындағаны үшін мердігерге (бас мердігерге) шаралар салуға; мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз етуге; техникалық қадағалау қызметін бақылау жөніндегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті.; заңнамада белгіленген мерзімде уәкілетті органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталғаны туралы хабардар етуді және объектінің техникалық сипаттамаларын қоса бере отырып, объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды ұсынуды қамтамасыз етсін; аяқталған объектіні коммуналдық меншікке беруді және ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғалардың балансында не республикалық меншікке бекітуді қамтамасыз етсін.; заңнамада көзделген жағдайларда пайдалануға берілетін объектілерге техникалық паспорттарды ресімдеуді қамтамасыз етуге; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс және/немесе мұнайгаз ісі және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында.
4. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының Сыртқы жарықтандыру және дебиторлық берешек бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).
            Функционалдық міндеттері: Халықты сенімді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін кешенді орындау, оның ішінде: коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің қызметін үйлестіру; авариялық инженерлік желілерді анықтау бойынша шараларды жүзеге асыру, электрмен жабдықтау және көшені жарықтандыру бойынша инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін талдау; энергиямен жабдықтау және көшені жарықтандыру бойынша инженерлік инфрақұрылымды дамыту схемасын әзірлеу және бекітуге енгізу; қаланың тұрақты дамуы үшін қажетті энергиямен жабдықтау бойынша қуаттар резервтерін талдау және болжау;; халықты және басқа да мүдделі тараптарды инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды жүргізуді бастау және аяқтау мерзімдері туралы алдын ала (кемінде 3 күн бұрын) хабардар етуді қамтамасыз ету; ҚР заңнамасына сәйкес, қауіпсіздік, жеке меншікке қол сұғылмаушылық, мүдделері қозғалған барлық тараптардың ыңғайсыздығын азайту және мүдделерін құрметтеу қағидаттарын сақтай отырып, инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; халыққа, бизнес кәсіпорындарымен, басқа да мүдделі тұлғалармен ағымдағы мәртебеге, сондай-ақ ұялы телефондар мен мессенджерлерді қоса алғанда, барлық қол жетімді байланыс құралдары арқылы инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу сапасына мониторинг жүргізу бойынша жедел кері байланысты қамтамасыз ету; тәжірибе алмасу, қаланың инженерлік желілерін дамыту және жаңғырту бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін жобалау және құрылыс ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға қатысу; қала аумағында объектілердің энергия аудитін жүргізуді; инженерлік инфрақұрылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде энергия үнемдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану жөніндегі жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру; диммирлеу жүйесі бар энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябақтық және көшелік жарықтандыруды жаңғыртуды қамтамасыз ету; желілердегі ықтимал ақаулар мәніне инженерлік инфрақұрылымның қашықтықтан мониторинг жүйесін қамтитын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бойынша ұсыныстар енгізу; өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтау бойынша мониторингті және ұсыныстар енгізуді жүзеге асыру; қызметтің тиімділігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын, ашықтығын, жеделдігін және қол жетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыруды жүзеге асыру; құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың сапасыз көрсетілген қызметтерге тұрғындардың шағымдарын қарау жөнінде комиссиялар құру туралы бұйрықтар жобаларын әзірлеу және енгізу және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу; ресурстарды ұтымды пайдаланатын тұтынушыларды материалдық көтермелеу шаралары жөнінде ұсыныстар енгізуге; Алматы қаласында инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстау ережелерін әзірлеуге және бекітуге енгізуге; мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге: 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беруге; 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін; электр энергиясын жеткізу көлемі бойынша есеп құру; қала шегінде электр желілерін салуды жоспарлау бойынша жұмысты үйлестіру; басқарманың қысқа, орта және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын әзірлеу бойынша жұмысқа қатысу; Басқарма басшылығының қарауына бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу; бөлімде атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау; "Алматы қалалық" МКК, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ "АлЭС" АҚ қызметіне жетекшілік ету; "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның энергиямен жабдықтау және; тұтынушыларды энергиямен жабдықтау мәселелері бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; бөлімнің жоспарлы және есептік құжаттарын құру; электр желілерінде, станцияларда және қосалқы станцияларда мердігерлік ұйымдардың жұмыстардың орындалу барысына техникалық қадағалауды ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз ету; бөлімнің жұмыс жоспарларының, жетекшілік ететін бағыт бойынша бағдарламалардың орындалуын бақылау және олардың орындалуы бойынша есептерді дайындау; электр желілеріндегі және энергетика объектілеріндегі аварияларды техникалық тексеру бойынша жұмысқа заңнамамен белгіленген тәртіпте қатысу;; электр энергиясы нарығының қызметін бақылауды және талдауды жүзеге асыру; энергиямен жабдықтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға есеп беруді қамтамасыз ету; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік және өзге де көмек көрсету; мемлекеттік бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігімен берілетін сыртқы қарыздар және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалау және салу конкурстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;; инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысу; заңнамаға және мемлекеттік нормативтерге сәйкес орындалған жұмыстар актілерін (2-нысан) және басқармамен жасалған шарттарға сәйкес жұмыстарды орындайтын заңды және жеке тұлғалардан КС-3 нысанды (орындалған жұмыстар мен шығындар құны туралы) анықтамаларды қабылдау, қол қою және бұрыштама қою; мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына заңнамаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны, тоқтатылғаны, жаңартылғаны туралы хабарлауға; құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беруге; объектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуге; техникалық және авторлық қадағалаумен қоса объектінің құрылысын қамтамасыз етуге; құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны, тоқтатылғаны,; техникалық және авторлық қадағалау нұсқауларын орындамағаны не уақтылы және сапасыз орындағаны үшін мердігерге (бас мердігерге) шаралар қолдануға; мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз етуге; техникалық қадағалау қызметін бақылау жөніндегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етуге;; құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталғаны туралы уәкілетті органдарды заңнамада белгіленген мерзімде хабардар етуді және объектінің техникалық сипаттамаларын қоса бере отырып, объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды ұсынуды қамтамасыз етуге; аяқталған объектіні коммуналдық меншікке беруді және ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғалардың балансында не республикалық меншікке бекітуді қамтамасыз етуге;; заңнамада көзделген жағдайларда пайдалануға берілетін объектілерге техникалық паспорттарды ресімдеу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу; мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқару.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі техникалық ғылымдары мен технологиялар (жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе статистика және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        
5. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының Сумен- газбен жабдықтау бөлімінің  бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 13.08.2022 ж.), D-О-4 санаты, (1 бірлік).
            Функционалдық міндеттері: Орындаушылық (зерделейді, жүйелейді, талдайды, анықтайды) функцияларды орындайды. Халықты сенімді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етеді, оның ішінде: коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің қызметін үйлестіру; авариялық инженерлік желілерді анықтау бойынша шараларды жүзеге асыруды, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін талдауды қамтамасыз етеді; қаланы тұрақты дамыту үшін қажетті газ, сумен жабдықтау бойынша қуаттар резервтерін талдауды және болжауды қамтамасыз етеді.; халықты және басқа да мүдделі тараптарды инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды жүргізуді бастау және аяқтау мерзімдері туралы алдын ала (кемінде 3 күн бұрын) хабардар етуді қамтамасыз етеді; ҚР заңнамасына сәйкес қауіпсіздік, жеке меншікке қол сұғылмаушылық, мүдделері қозғалған барлық тараптардың ыңғайсыздығын азайту және мүдделерін құрметтеу қағидаттарын сақтай отырып, инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді.; халыққа, бизнес кәсіпорындарымен, басқа да мүдделі тұлғалармен ағымдағы мәртебеге, сондай-ақ ұялы телефондар мен мессенджерлерді қоса алғанда, барлық қол жетімді байланыс құралдары арқылы инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу сапасына мониторинг жүргізу бойынша жедел кері байланысты қамтамасыз етеді; телекоммуникация және ақпараттық технологиялар әдістерін қолдана отырып, барлық процестерді толық автоматтандыру мақсатында Алматы индустриялық аймағының Инфрақұрылым жүйесінде жалпы үйлестіруді жүргізеді. Алматы индустриалды аймағын автоматтандыру, цифрландыру және роботтандыру процестерін дамыту жұмыстарын жүргізеді. Құрылыс, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және қайта құру процесінде құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын пайдалану мониторингін жүзеге асырады, тәжірибе алмасу, қаланың инженерлік желілерін дамыту және жаңғырту бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін құрылыс ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға қатысады, инженерлік инфрақұрылымдардың қашықтан мониторинг жүйесін қамтитын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бойынша ұсыныстар енгізуді қамтамасыз етеді.; қызмет тиімділігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын, айқындығын, жеделдігін және қолжетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыруды қамтамасыз етеді; құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың сапасыз көрсетілген қызметтерге тұрғындардың шағымдарын қарау жөнінде комиссиялар құруды және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізуді қамтамасыз етеді; ресурстарға ұқыпты қарау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтынушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді; ресурстарды ұтымды пайдаланатын тұтынушыларды материалдық көтермелеу шаралары жөнінде ұсыныстар енгізуді қамтамасыз етеді;; Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді ұсыну ережелерін, инженерлік коммуникацияларды ұстау ережелерін әзірлейді және бекітуге енгізеді; есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлейді және бекітуге енгізеді; Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысуды қамтамасыз етеді; уәкілетті органға Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады; уәкілетті органға Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;; "Алматы Су" МКК, "ҚазТрансАймақ" АҚ (келісім бойынша) кәсіпорындарының қызметіне жетекшілік етеді; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау бөлігінде бағдарламалық құжаттарда бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізеді; басшылықтың, жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындайды; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау саласында бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау мәселелері бойынша; аварияларды техникалық тексеру жөніндегі жұмысқа заңнамада белгіленген тәртіппен қатысады; күзгі-қысқы кезеңде сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының дайындалуы мен жүзеге асырылуын және олардың жұмыс істеуін бақылауды қамтамасыз етеді; мемлекеттік бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігімен берілетін сыртқы заемдар және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалау мен салуға конкурстар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.; жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға есептер беруді қамтамасыз етуге; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік және өзге де көмек көрсетуге; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді; мүдделер қақтығысын алдын алады және шешеді;  заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе радиотехника, электорника және телекоммуникациялар және/немесе мұнайгаз ісі және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы); ауыл шаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
      1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
      2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің жалпы конкурсына қатысу үшін.
 Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, сондай-ақ адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.
Келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;

            2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының    (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының іс-әрекеті мен шешiмiне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

 

 

Қатысушылары мен кандидаттары «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.
Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға.
Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.
Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.
Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.
Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.
Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.
Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3) тармақшаcында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

 

 

"Б" корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

Нысан
            __________________________
  (мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға жәнеорналасуға келісім беремін __________________.
(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________________

Байланыс телефоны: ____________________________________________________

e-maіl: ________________________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________________

_________                                             ______________________________________
(қолы)                                                     (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

"___"_______________ 20 __ ж.

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Форма 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ
ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

 

_____________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный
идентификационный номер)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

 

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

 
 

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

 
 

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей

 
 

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 
 

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 
 

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

 
 

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 
 

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 
 

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болғанжағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 
 

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

Қызметі*, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/
должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

     

 

 

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________
күні / дата

 

    * Примечание: в послужном списке каждая занимаемая должность заполняется в отдельной графе