30/09/2020  Сәрсенбі

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік

әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

D-О-4 санаты үшін:        жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-O-4

         195 895

           255 514

  «Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., (10мб. аспайтын) «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының Сумен жабдықтау объектілерін және газбен жабдықтау жүйелерін басқару бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Орындаушылық (зерделейді, жүйелейді, талдайды, анықтайды) функцияларды орындайды. Халықты сенімді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етеді, оның ішінде: коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің қызметін үйлестіру; авариялық инженерлік желілерді анықтау бойынша шараларды жүзеге асыруды, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін талдауды қамтамасыз етеді; қаланы тұрақты дамыту үшін қажетті газ, сумен жабдықтау бойынша қуаттар резервтерін талдауды және болжауды қамтамасыз етеді.; халықты және басқа да мүдделі тараптарды инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды жүргізуді бастау және аяқтау мерзімдері туралы алдын ала (кемінде 3 күн бұрын) хабардар етуді қамтамасыз етеді; ҚР заңнамасына сәйкес қауіпсіздік, жеке меншікке қол сұғылмаушылық, мүдделері қозғалған барлық тараптардың ыңғайсыздығын азайту және мүдделерін құрметтеу қағидаттарын сақтай отырып, инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді.; халыққа, бизнес кәсіпорындарымен, басқа да мүдделі тұлғалармен ағымдағы мәртебеге, сондай-ақ ұялы телефондар мен мессенджерлерді қоса алғанда, барлық қол жетімді байланыс құралдары арқылы инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу сапасына мониторинг жүргізу бойынша жедел кері байланысты қамтамасыз етеді; телекоммуникация және ақпараттық технологиялар әдістерін қолдана отырып, барлық процестерді толық автоматтандыру мақсатында Алматы индустриялық аймағының Инфрақұрылым жүйесінде жалпы үйлестіруді жүргізеді. Алматы индустриалды аймағын автоматтандыру, цифрландыру және роботтандыру процестерін дамыту жұмыстарын жүргізеді. Құрылыс, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және қайта құру процесінде құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын пайдалану мониторингін жүзеге асырады, тәжірибе алмасу, қаланың инженерлік желілерін дамыту және жаңғырту бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін құрылыс ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға қатысады, инженерлік инфрақұрылымдардың қашықтан мониторинг жүйесін қамтитын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бойынша ұсыныстар енгізуді қамтамасыз етеді.; қызмет тиімділігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын, айқындығын, жеделдігін және қолжетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыруды қамтамасыз етеді; құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың сапасыз көрсетілген қызметтерге тұрғындардың шағымдарын қарау жөнінде комиссиялар құруды және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізуді қамтамасыз етеді; ресурстарға ұқыпты қарау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтынушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді; ресурстарды ұтымды пайдаланатын тұтынушыларды материалдық көтермелеу шаралары жөнінде ұсыныстар енгізуді қамтамасыз етеді;; Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді ұсыну ережелерін, инженерлік коммуникацияларды ұстау ережелерін әзірлейді және бекітуге енгізеді; есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлейді және бекітуге енгізеді; Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысуды қамтамасыз етеді; уәкілетті органға Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады; уәкілетті органға Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;; "Алматы Су" МКК, "ҚазТрансАймақ" АҚ (келісім бойынша) кәсіпорындарының қызметіне жетекшілік етеді; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау бөлігінде бағдарламалық құжаттарда бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізеді; басшылықтың, жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындайды; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау саласында бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау мәселелері бойынша; аварияларды техникалық тексеру жөніндегі жұмысқа заңнамада белгіленген тәртіппен қатысады; күзгі-қысқы кезеңде сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының дайындалуы мен жүзеге асырылуын және олардың жұмыс істеуін бақылауды қамтамасыз етеді; мемлекеттік бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігімен берілетін сыртқы заемдар және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалау мен салуға конкурстар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.; жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға есептер беруді қамтамасыз етуге; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік және өзге де көмек көрсетуге; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді; мүдделер қақтығысын алдын алады және шешеді; заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе радиотехника, электорника және телекоммуникациялар және/немесе мұнайгаз ісі және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы); ауыл шаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

  1. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты. Қазақстан Республикасы басшылары мен Үкіметінің бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерін тіркеуді, бақылауды және уақытылы орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қызмет алушылардың қанағаттандыру деңгейін арттыру мақсатында ашықтық және есеп берушілік қағидаларын ұстану арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Бөлім жұмыстарының номенклатураларын дайындайды. Заңнамада белгіленген мерзімде, жеке және заңды тұлғалардың хаттарына уақытылы жауап беруді қамтамасыз етеді. Басшылықтың шешімдері мен дайындалған жауап құжаттарының негізінде бақылау тапсырмаларын бақылаудан алуды жүзеге асырады. Алматы қаласындағы тұтыну нарығындағы негізгі азық-түлік қорларының қолжетімділігіне талдау жүргізеді. Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің ассортиментіне байланысты аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастырады және өткізеді. АӨК саласындағы ҚР заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды. Мемлекеттік қызметте бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруда өз құзыреті шегінде қатысады. Бөлімнің іс-қағаздарын жүргізуді іске асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Ауылшаруашылығы ғылымы (агрономия, аграрлық техника және технология, өсімдік қорғау және карантин) немесе құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымы, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

  1. Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының Мемлекеттік сатып алу мониторингі және тапсырыс берушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасымен белгіленген құжаттарды қамтитын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапырыс берушімен ұсынылған тапсырмаларды қарастыру; жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және олардың ведомствоға қарасты ұйымдары бойынша мемлекеттік сатып алу мониторингін жүзеге асыру; конкурстық (аукциондық) комиссия құрамында әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қарау; конкурстық (аукциондық) комиссияның хатшысы ретінде конкурстық (аукциондық) комиссияның ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру; бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік сатып алу жоспарларына талдау жүргізуді іске асыру; жоспарланған конкурстар туралы ақпарат ұсыну мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен хат алмасу; бөджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен мемлекеттік сатып алулардың уақытылы өткізілуі жөнінде Алматы қаласының әкімдігіне ақпарат дайындау; жоғары тұрған органдарға есептерді белгіленген тәртіпте уақытылы ұсыну; басшылықпен анықталатын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру; Басқарманың ішкі тәртіп ережелерін және жұмыс режимін, еңбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникаларын және өртке қарсы қорғануларды сақтау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе машина жасау және/немесе автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе радиотехника, электорника және телекоммуникациялар және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе математикалық және компьютерлік модельдеу және/немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе аспап жасау және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) және/немесе стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе көлік құрылысы); заң (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

  1. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының Алмалы аудандық Әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Іс қағаздар мен мұрағатты жүргізеді. Кіріс хаттар мен құжаттарды тіркейді, олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді. «Айқын» бағдарламасын жүргізеді. Алты және одан да көп балалары бар көпбалалы аналарды мемлекеттік «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгісіне ұсынуға құжаттарын ресімдеу, тіркеу және дайындау. «Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларына» сәйкес куәлік беру, ақталған азаматтарды қабылдау, кеңес беру, жазбаша хабарлау, тізімді Басқармаға жолдау. Есептерді уақытылы дайындап, тапсырады. Бөлімнің шаруашылық қызмет көрсетілуі мен санитарлық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жұмысшыларды шаруашылық жағдайда кеңсе құралдары және заттарымен қамтамасыз етеді. Шаруашылық мақсатта берілген материалдар мен құралдардың нысаналы және орынды пайдаланылуын бақылайды. Ғимараттың қасбетін мерекеге байланысты әсемдеу, аумақты көріктендіріп, жинастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қызметкерлердің жұмыс уақытына есеп жүргізеді, демалыс кестесін құрады. Стандарттар мен регламенттерге сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі техникалық ғылымдары мен технологиялар (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер); білім (құқық және экономика негіздері және/немесе тарих және/немесе математика және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе информатика және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану); қызметтер (әлеуметтік жұмыс және/немесе бағалау); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар және/немесе филология және/немесе шетелдік филологиясы); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлеуметтану және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (математика және/немесе информатика) саласында.

  1. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының Бақытты және ұзақ өмір сүру бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Бүкіл әлемдік бақыт индексі (HappyPlanetIndex) негізінде Алматы қаласы бақыт индексін құрастырылған көрсеткіштер бойынша тоқсандық есептеу; Арнайы шкала арқылы қала тұрғындарының қоғамдық пікірлеріне сауалдама жүргізу; Бақыт индексі деректері мен өткізілеген сауалдама ларға талдау жасау; Қала тұрғындарының қанағатсыздықтарын жою мақсатында шара қолдану және дамыту; Қаланың және оның тұрғындарының өмірін жақсартуға арналған іс-шараларға қатысу арқылы масштабтық белсенді өмірлік позицияны жүзеге асыру сұрақтары бойынша Басқарманың жұмыс және іс-шаралар жоспарларын әзірлейді; Басқарма басшысына теріс образдарды алмастыруға бағытталған жобалар бойынша Басқарма басшысына ұсыныстар енгізеді және жасайды; Өткізілген іс-шаралар қортындылары бойынша қысқаша ақпарат дайындайды және талдайды; Жасы мен жынысы кесілген бақытты адам портретін қалыптастырады; Бақыт жолында кездесетін қиындықтарды алдын алу бойынша бағдарлама әзірлейді; Бақытты өмір сүру мәдениетін танымал ету және POS-материалдарын әзірлеу; Бақытты өмір сүруді танымал ету сұрақтары бойынша семинарларға, дөңгелек үстел және ұйымдастырылған кездесулерге қатысу; Өткізілген ақпараттық – танымалдық жұмыс бойынша есеп жүргізеді; Бақытты өмір сүру мәдениетін танымалдық ету сұрақтары бойынша әкімшіліктің баспа қызметі және БАҚ өзара әрекет етеді; Басқарма құзыретіне кіретін Жол картасының «Белсенді ұзақ өмір» тармағын іске асыру бойынша қысқаша ақпарат дайындау; Жауапты мемлекеттік органдардан Жол картасының «Белсенді ұзақ өмір» тармағының іске асуы жөнінде қысқаша ақпараттар жиынтығын әзірлейді; Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жұмысын жүргізу; Бақытты және ұзақ өмір сүру сұрақтары бойынша вебинарлар, семинарлар, мастер-класстар өткізу; Әлеуметтік қолдауды мұқтаж ететін жандарға кепілдік және льгота беру мақсатында, ардагерлер Кеңесімен, қоғамдық қорлармен әрекеттеседі; Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне және оңалтылған жандарға куәлік береді; Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектерге, зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емделуін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау); білім (педагогика және психология); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (психология және/немесе әлеуметтану және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында.

  1. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының Тең мүмкіндіктер бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: «Алматы-2020» даму бағдарламасының мүгедектерді оңалтуды жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Мүгедектердің протезді - ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші құралдармен, слухопротезбен, жетек арбамен, инватакси қызметімен, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін, ымдау тіл мамандармен, санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз етуді және аудан бөлімдерінде есепке тұруын бақылау; аудан бөлімдерінде мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуін бақылау. Нормативтік құқықтық актілерді мониторинг жасауға қатысу. Алматы қаласы мүгедектерінің мәліметтер қорын жүргізу. Аудандық бөлімдерге тәжірибелік, әдістемелік көмек көрсету. Тұрғындар және заңды тұлғалар арасында кездесулер, семинарлар, ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшелердің, мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталықтарында жұмыстарына ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау. Бағыттайтын бөлімдерде мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін үйлестіру және бақылау жасау. Үкіметтік емес сектормен көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау. Мүгедектерге объектілердің және барлық тіршілік әрекеті аясындағы қызметтердің қол жетімді болуын қамтамасыз етуді паспорттандыру бойынша жұмыстарды үйлестіру. Жаңалық телехабарлардың сурдоаудармамен хабар жүргізуін қамтамасыз етілуін бақылау. Бағыттайтын бөлімдерде мамандардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуіне бақылау жасау. Бағыттайтын бөлімдерінде мемлекеттік стандарттарға сәйкес регламенттерді әзірлейді және бекітуге жібереді. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау. Басқарма басшысы анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.  

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі техникалық ғылымдары мен технологиялар (ақпараттық жүйелер); денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау); білім (құқық және экономика негіздері және/немесе педагогика және психология); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе психология және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

            1) Өтініш;

            2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 2-қабат, 256 бөлме) тапсырылуы тиіс.

 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының іс-әрекеті мен шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

 

Ескертпе: Алматы қаласындағы карантин режиміне байланысты кандидаттармен әңгімелесу онлайн режимінде өткізілетін болады (ZOOM).

Кандидаттарға шақырту қосымша жіберілетін болады.

 

 

 

 

 

Қатысушылары мен кандидаттары «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3) тармақшаcында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

«Б» корпусыныңмемлекеттік

әкімшіліклауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

Нысан

            __________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға жәнеорналасуға келісім беремін __________________.

                                                                                                           (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________________

Байланыс телефоны: ____________________________________________________

e-maіl: ________________________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________________

_________                                            ______________________________________

(қолы)                                                    (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

"___"_______________ 20 __ ж.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Форма 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ

ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ
ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

 

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

 

_____________________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 
 

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

 
 

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

 
 

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 
 

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 
 

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 
 

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

 
 

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 
 

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 
 

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болғанжағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 
 

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

Қызметі*, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/

должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

   
       

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________

күні / дата

 
             

   * Примечание: в послужном списке каждая занимаемая должность заполняется в отдельной графе