26/05/2019  Жексенбі

Шаһардың әлеуеті мен оның тұрғындарының мәдениетін сол шаһардың тазалығына қарап бағалауға болады. Қазақстанның ең үлкен мегаполисі, экономикалық және туристік орталығы Алматы қаласы атына заты сай болуы керек. Осыған орай, 2018 жылдың 20 қазан күні Алматы қаласының Орталық саябағында қалалық сенбілік өтті. Қалалық сенбілікке Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметкерлері де қатысып, қаланы тазалауға өз үлестерін тигізді.