20/03/2019  Сәрсенбі

Алматы қаласының әкімшілігі, «Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ МЖӘ жекешелік әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізудің басталғаны туралы хабарлайды және конкурсқа қатысуға шақырады:

«Алматы қаласы көшелерінің жарықтандыруын жаңғырту».

Жобада жекешелік әріптестің Алматы қаласы көшелерінің жарықтандыруын жаңғырту, пайдалану және энергия тиімділіг мен жарықтандыруды арттыру жұмыстарын жүзеге асыру қарастырылған.

Қызмет саласы: энергетика.

МЖӘ түрі: келісімшарттарық МЖӘ.

Жобаның мерзімі: 2019-2026 жж.

Жеке серіктестің қызметі: заманауи жарықдиодты шамдармен ескірген модельді шамдарды ауыстыру, тротуар аймағын жарықтандыру үшін қосымша шамдарды орнату, магистральды жарықтандыру жүйесін одан әрі МЖС келісімшартына сәйкес Алматы қаласындағы тіректер мен кабельдерді ауыстыру, орнату және әрі қарай пайдалану.

Болжамды шағындарды өтеу және табыс табу көздері: МЖӘ келісімшартына сәйкес орындалған іс-шараға төленетін төлем болып табылады.

Конкурсқа ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32-бабында көрсетілген біліктіліктің және конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмесін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін мына мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қ., Республика алаңы 4, 2 қабат, № 249 каб. Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.

Әлеуетті жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы 5қыркүйек 2018 ж. сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдер, сондай-ақ біліктілігі бойынша іріктеу үшін құжаттар, желімделген конверттер, әлеуетті қатысушыларға қолма қол көрсетілген мекен-жай бойынша ұсынылады.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашуы20 қыркүйек 2018 ж. сағат 11.00-де аталған макенжай бойынша 2 қабат, № 269 каб. жүзеге асырылатын болады.

Толығырақ ақпаратты Басқармадан аталған мекенжай бойынша алуға болады, байланысатын тұлғалар: Н. Үсенов 8 (727) 264-25-90, ЖасұзақовҚ. 8 (727) 262-20-99.